Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді жазып, бүгінгі өткен есімдіктер түрлерін тауып, астын сызып көрсет.1) Жер бетіндегі ең малсақ халық – біздің қазақ халқы. Олар түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына дегенді тауып айтқан.2) Адам өз-өзіне бағынып, өз шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс.3) Сонау көк белдің бергі алдында Қарағанды деген өзек бар. Ол өзек - Байсалдың мекені.4) Қазақстанда қанша облыс бар?5) Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Енбегін мен акылын екі жактап. (Абай)
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Объяснение: