Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Неологизм сөздерді табыңыз.Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астапа болып озгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылгы 10 маусымда отті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Казакстан Республикасы Президентінің Жарлыгымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан каласы деп кайта аталды.Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 млн асады. Қала торт аудаппап «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке карай кұрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналаскан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су козі саналады. Ауа райы күрт континентальды Қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия күрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, катынас және логистика орталығына. Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік копірге айналдырды.
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.