Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.Составь план на текс Кіріспе бөлім Негізгі бөлім Қорытынды бөлім 2.Напиши синоним и антоним этих словБасқынши-Байырғы-Әйгілі-Айқас-Патшайым-3.Составь план по текстуКіріспе бөлім Негізгі бөлім Қорытынды бөлім СОР
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.