?>
Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді.Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера » театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде аштыа) Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше көркем.«Астана Опера» өзінің қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады. (с) «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың ашты.102. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.Суреттердің, тірек сөздердің көмегімен Астанадағы Қала күні мерекесінің тойлануы туралы досыңызға әңгімелеңіз.ұлт аспаптар оркестрі ұлттық өнермерекелік концерт өнер тарландарымерекелік отшашу ұлттық қолөнер көрмесімпр пячрсргагагас канчида
Ответы
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.