Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.Оқылым.Мәтінді түсініп, оқыңдар. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді. Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады. Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. 2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты. а) Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.
1.
Сөздердің байланысу формаларына (типтеріне) қиысу, қабысу, менгеру, матасу, жанасу сияқты синтаксистік байланыс түрлері жатады.
2.
Меңгеру – синтаксистік байланыс түрлерінің бірі.
Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғалары арқылы басыңқы сыңармен байланысады.
Мысалы:
1.Менің әпкем қаладан келді.
( қаладан келді- етістікті менгеру)
2. Мұғалім балаларға айтты. (балалврға айтты-барыс септігі арқылы жасалған меңгеру)
3.
Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
Мен базардан алтын сағат көрдім.
4.
Жанасу деп-алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.
Мысалы: шарықтап ұшу, шарықтап көкке ұшу.