Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Досы жақсының, өзі де жақсы» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі), мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз 100-120 сөз /кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Білім алушыМәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады. мәтіннің мазмұнын ашады; тірек сөздерді жазады;негізгі ақпараттарды анықтайды;қосымша ақпараттарды анықтайды; көзқарастарды теріп жазады;Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады. 2 тақырыпты ашады; әңгіме құрады;әңгіме құрылымын сақтайды; фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолданады;Сөйлемде тиімді қолданады. көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады:Сөз санын сақтайды.
Аяз би
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Ханның қырық уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлеріне:
- Уәзірлерім! Сендердің барлығың ақылдысыңдар. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның, шөптің және құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалаймын! - деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі.
Көп уақыт іздеп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», - деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, түрі жаман, құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады.