Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Текст «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді.Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты. Вопрос Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.
Айналамыз толған электр қуаты. Алысқа бармай-ақ, үйіміздің өзінде қаншама электр қуатымен ғана жұмыс істейтін құрылғылар, жабдықтар бар. Егер электр қуаты ғылымның нәтижесінде қолданысқа берілді десек, "ғылымның бастауы да болмаған кезде алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?" деген сауал туады. Ол кезде адам мен табиғат арасында ешқандай шекара болмады. Олар бірге өмір сүрді.
Ал қазір ше? Қазір бізге электр қуатынсыз бір күн болсын өмір сүре алмайтындай көрінеді. Меніңше, бұл қолымыздан келеді. Тек күнімізді дұрыс жоспарлай алу керек.
Мысалы, бір күн бойы үйде отырсам, әлбетте, шыдай алмай кетуім мүмкін. Сондықтан көп уақытымды тыста өткіземін. Жақын маңдағы саябаққа жаяу барамын. Доп не велосипедімді де ала кетуді ұмытпаймын. Кейін кітапханаға баруға болады. Қалаған кітабымды алып оқу залында отырып оқимын. Ең бастысы кітап мені қызықтыруы керек. Достарымның үйіне барып, аулада әңгіме айтуға да болады. Сонан соң сурет салу, балаларға арналған әртүрлі журналдар оқып, тапсырмаларын орындау және т.б. Көрдіңіз бе, біз электр қуатынсыз өмір сүре аламыз. Бірақ ұзақ уақыт емес. Кейбір іс-әрекеттер электр қуатынсыз жүзеге аса алмайды. Мәселен, қараңғы батқанда үй тапсырмасын орындау, тамақ пісіру, қаланың келесы шетіндегі шұғыл жағдайда байланысу, тағысын тағы. Ең бастысы – барлығы мөлшерімен болғаны дұрыс.