falileevas
?>

Қазіргі заманның атымптай жомарты қандай?

Казахский язык

Ответы

Kashirina

Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?

Жомарттық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі.Жомарттық – Алла Тағаланың сипаттарының бірі.Өйткені,оның бір есімі "көптеген нығмет беруші","жақсылықтар мен ізгіліктерді молынан тарту етуші", "аса жомарт" деген мағынаны білдіретін "Кәрим" сипаты болып табылады.Ал қайырымдылық – жомарттың негізгі өзегі.Өзін-өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық жомарттыққа жатпайды.“Жомарт бергенін айтпас,ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтаса керек.

Ыбырай Алтынсариннің "Атымтай Жомарт" әңгімесіндегі Атымтай секілді жомарттар қазір де бар.Олар да өз кезегінде мұқтаждарға қол ұшын созуда.Жетімдер үйіне,ауырып ем іздегендерге қаржылай көмек беріп жатқандар бар.Енді бірі кемтар адамдарға арнайы орталық ашып,олармен жұмысты күшейтуге,олардың бойында таланттарды ашуға жәрдемдесуде.Енді біреулері Қазақстан атын әлем аренасында танытып жүр.Бұл да,менің ойымша,елге деген жомарттық.Қазіргі таңда жомарт адамның қомақты қаржысы болу міндетті емес.Біреуге жылы сөзіңді аямау,жанашырлық таныту,қуанышын бөлісіп,қайғысына ортақтасу,білгеніңмен бөлісу де жомарттыққа жатады.Жомарттық жасаған соң ол жақсылығыңды ұмытып,жасаған адамыңнан ақысын күтуге болмайды.Ең бастысы,жомарттықты өзің үшін,Алла разылығы үшін жасаған жөн.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазіргі заманның атымптай жомарты қандай?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

egcuzn86
АЛЕКСЕЙ
puma802
ooottdi
Karpova
gostivdom302
chuev4444
reception
Глазкова633
minchevaelena23
nikitavertiev98400
Alisa
Sosovna Dmitrievich22
lighturist
lakeeva90