Vladmouse32506
?>

Мәтінді мұқият оқыңыз. Автор берген кейіпкер мінездемесін табыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді) Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты қарасұр жігіт торытпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесінде елМінездемеүнемі осындай мамыражай тірлік кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.Осындай ауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Әйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің қайталанбас көгілдір көктем шағының қызығын көретін жаста емес пе? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман тілегі алыста қалды. Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. ​

Казахский язык

Ответы

Galina
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Автор берген кейіпкер мінездемесін табыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді) Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты қарасұр жігіт торытпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесінде елМінездемеүнемі осындай мамыражай тірлік кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.Осындай ауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Әйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің қайталанбас көгілдір көктем шағының қызығын көретін жаста емес пе? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман тілегі алыста қалды. Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

rosik76
ПаршинАндрей1928
shalunovroman
Smolkovaya
Маргарита1091
e9rebrova
mihalevskayat
snab54
barkhatl-2p7
hamelleon43
teya07
ghjcnjtyjn64
sergeevich
Bi-1704
danielianruz