Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді мұқият оқыңыз. Не туралы айтылатынын анықтап, мәтінге ат қойыңыз. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі болған.Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстаноблысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. ЕжелгіОтырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан.Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етіп, егістікті суаратын. Тек, судыңмолдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дамыған.Отырар ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасыретінде кеңінен танымал болған. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуыбіздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келетін. Алғаш рет «Отырар» және«Фараб» атаулары жазба деректерде б.д.IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғолшапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болған. 1219жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлаған. Алайда, Отырар қайтатүлеп, ХІІІ ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі саудаорталығына айналған. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтысболады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасқан. Қала жұрттың жалпысипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігініңсипатына тән. Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар xумдар, көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болған. Олғажайып ыдыстарда, құмыраларда астық, жем сақталатын. Қазір Отырарқазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні - оның керамикалық ыдыстары, күміс, Қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Қаншама ғасыр өтсе де, табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған.
Өзің таңдап ал)
1)Отырар
2)Ежелгі қала-Отырар
3)ескі қала
4)көне қала-Отырар