Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Индустрияландыру жолындағы мақсат-міндеттерді іске асырудағы арнайыэкономикалық аймақтар мен парктердің үлесі зор. Дайын инфрақұрылым, кәсіпкерлерүшін қарастырылған жеңілдіктер, өзге де қызмет түрлері жаңа өндірісті жолға қоюға көпқолдау берері анық. Сондай индустриялық парк Таразда ашылды. Нысан дайынөндірістік және әкімшілік ғимараттары мен қоймалары бар 41 гектар алаңда орналасқан.Мұнда 20-ға тарта шағын және орта кәсіпорын шоғырланады. Қазірдің өзінде 4 кәсіпкертемір бұйымдарын шығаратын цех ашуға ниет білдіріп отыр. Келешекте дәл осы жерденбизнес инкубатор ашу да жоспарланған.Қарлығаш Аралбекова, Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы:– Бұл Үкімет үшін өте тиімді. Өйткені инфрақұрылымды түгелдей қайтаданөткізу ол бірнеше өте үлкен қаражатқа түседі. Басқару компаниясын ашу мәселесі, банкпен, бізбен келісімдер қазір болып жатыр. Жуық арада бизнес инкубаторды ашудыосы жақын арада көздеп отырмыз. Специалистер, бухгалтер болсын, юрист болсын, айти технолог болсын, облысымыздың басқа да кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсету.Осындай индустриялық аймақ Маңғыстау облысында да өз жұмысын бастады.Мұнда кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Іскер азаматтар парктің бірнешетиімділігі бар дейді. Азамат Тасмағамбетов жеңіл әрі берік пенопласт бұйымдаршығарумен айналысады. Индустриялық паркке қоныстанғалы бері кәсіпкердің шығыныазайып, саудасы қызған.Азамат Тасмағамбетов, жеке кәсіпкер:– Өте тиімді. Өйткені индустриялық аймақта біріншіден ғимарат дайын. Суы, тоғы өткізулі тұр. Артында теміржолы өтіп тұр. Мысалы, вагон келсе жүк түсіріпалуға болады және бағасы әрине.Аумағы 189 гектар жерді алып жатқан индустриялық парк жүзден астам өндірісорындарына қызмет жасауға қауқарлы. Отандық кәсіпорындармен бірге шетелдіккомпаниялар да орналаса алады.Ал оңтүстікте өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 11индустриялық аймақ құрылған. Қазір тағы бірінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.Аймақтың 22 гектарын алып жатқан мына зауыт жоғары кернеулі трансформаторшығарады. Бұл Қазақ тарихындағы алғашқы әрі ең ірі кәсіпорын болмақ. Жалпы құны 17миллиард теңгеден асатын кешен жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.Отандық өнім ішкі нарық пен ТМД елдерінің сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде.Серғазы Күнтуаров, зауыттың бас директоры:– Енді бұл зауытқа дүниедегі бүкіл жақсы жаңалықты кіргізіп жатырмыз.Қазақстанда бірінші 110-120 КВТ трансформатор шығады. Бұндай өнім бұрыншықпаған.Индустриялық аймақта кәсіпкерлерге бір терезе қағидасы бойынша қызметкөрсетіліп, инфрақұрылым мемлекет есебінен тартылып жер тегін беріледі.Нүркен Бегулиев, индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысыныңорынбасары:- Облыстағы осы 11 индустриялды аймаққа қажетті инфрақұрылым тарту үшін13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір ғана мысал 2010 жылдың біріншітоқсанында осы аймақтарға салынған кәсіпорындар 6, 8 миллиард теңге салық төлеген.Үдемелі Индустриялды-Инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылында іске қосылған өндіріс орындарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 176миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы аумағы 959 гектар жерді алып жатқанаймақтарда 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам адам жұмысқатартылады деп күтілуде.1. Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдікоралымдарды теріп жазыңыз. Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды авторне үшін қолданды?