Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. Баяғыда орманда құрғақшылық болыпты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шара ойлап табуға жиналып, құдық қазуға бел буыпты. Барлығы күндіз – түні, құдық қазуға кірісті.Араларында қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»- деп жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі басқалардың ашуына тиеді. Жануарлардың еңбегі босқа кетпей, құдықтан мұздай су шығыпты. Олар қуанып, жуынып, суды қанып ішеді. Құдық қазуға көмектеспеген қоян су іше алмайды. Қоянды құдыққа жақындатпау мақсатында түнде құдық басына кезекші қояды. Бір күні піл кезекші болыпты. Пілмен дос болған қоян «Ешкімге білдіртпей су берер», - деген оймен қасына барады. Ұйықтап жатқан пілді оята алмай, құлағына айқайлайды. Шошып оянған піл құдық шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соғылып, үйіндіні құдық ішіне құлатып алыпты. Құдық бітеліп қалды. Болған іске өзін кінәлап жылаған пілге қоян: -Достым, қайғырма, екеулеп қазсақ, таң атқанша бітіреміз, -дейді. Қоян бірден іске кірісіп, таң атқанша құдық қазылып бітіпті. Ертеңінде піл жануарларға болған оқиғаны айтып береді. Содан жануарлар бірауыздан «қоян да су ішуге лайық» деген шешім қабылдапты
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.