elmira01048775
?>

Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жазыңдар

Казахский язык

Ответы

suhovaab

Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да, да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.

Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырды. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертті. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің біртіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік берді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.

Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхитта тіршіліктің таралуы географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суында тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болды. Сондықтан қоңыржай ендіктер (40 – 60 градус) Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. Беткі су қабатының температурасы мен тұздылығы жоғары болатындықтан, тропиктік ендіктерде тіршілік дүниесінің мөлшері азаяды. Ал экватор маңында олардың саны қайтадан артады. Тіршілік бір ендіктің өзінде әркелкі таралған. Ашық мұхитқа қарағанда, жағаға жақын бөліктердегі беткі су қабатының 50 м-ге дейінгі тереңдіктерінде мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі шоғырланған. Бұл Күн сәулесі жарығының жақсы түсуімен, тез жылынуымен, толқындар мен ағыстардың жағаны шаюы себепті құрлықтың қоректік заттардың көптеп келуімен түсіндіріледі. Судың беткі температурасы + 28 градустан кем болмайтын тропиктер аралығында таяз суларда рифтер мен атолдарды түзетін маржан полиптері көптеп таралады. Ондағы су асты тіршілігі ғажайып әсемдігімен таңғалдырды.

Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грек тілінен аударғанда «кезеген»), нектон (грек тілінен аударғанда «қалқыма») және бентос (грек тілінен аударғанда «тереңдік») деп аталатын үш топқа бөлінеді.

Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырлардан, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құраттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүт қоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалары, ірі молюскалар (сегізаяқ, кальмар) құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрғанымен, олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен (гүлді өсімдіктер өкілі), тікен терілілер, шаян тәрізділер, маржан полиптерінен тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селебесіп өмір сүруге бейімделген.

Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді. Мұхиттың осы биологиялық байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, қорғау, зерттеу міндеті тұр.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік мұхиттағы тылсым табиғат құбылыстарын түсіну, табиғат байлықтарын игеру және ондағы табиғат апаттарынан сақтану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін ғылыми – зерттеу жұмыстары жаңа сатыға көтерілді. Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми – зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай – ақ Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар мұхит түбінің құпиясы мен оның табиғат ерекшеліктерімен жете танысу мақсатында техникалық жағынан жетілдірілген сүңгуір қайықтар мен батискафтар да кеңінен қолданылуда.

Объяснение:

Думаю хот чем то

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жазыңдар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

vik-2202
marvindkc
sahar81305
Pirogovskii695
delfa-r6289
ilkindadashov935232
IInessa44478
Gradus469
mekap22044
olgavbaranova
gorbelena1971
АнжелаВасильевич
vifslafes
proporcia46
Диана-Николаевна377