zharovaleks
?>

3 «Астана болашақтың қаласы» тақырыбында көтерілген мәселе бойынша келісу- келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз: (70-80-сөз том​

Казахский язык

Ответы

Viktoriya405

Эссе: «Астана – болашақ қаласы!»

«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға, тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының астанасына айналады» демекші үлкен қанатының қойнына алып отырған Н.Ә.Назарбаев – бүркітіміз!

Еңселі Елорда, асқақтаған Астана. Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жылға толуда. Жас қаламыз – Астана, жылдан жылға көркейіп. еңсесі көтерілуде. Бұның бəрі қыран көкте самғап тұрған бүркітіміз себепші!

Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында Елбасымыз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрды. Қазақстанымыздың бас қаласы – Астанамыз ел көзінде көркейіп, жаһандануда. Біз еліміздің қаһарлы да айбынды жастары, намысты колдан бермей еліміз көркейуіне алі-ақ үлесін уйіп төгетін боламыз.

Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бізді, яғни, жастарды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас каламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.

Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған менің ойларым мен істерім – бәрі-бәрі осында». Шыныменде Астана – болашақтың қаласы. Асқақтай бер Ару қала – Астана!

«Менің Қазақстаным – менің байлығым»

Қазақстан құт қонган азат мекен!

Жарасады өзiңдi ғажап десем!

Иеленген кең байтақ ен даланы.

Қазынаның барлығы қазақта екен!

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

3 «Астана болашақтың қаласы» тақырыбында көтерілген мәселе бойынша келісу- келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз: (70-80-сөз том​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

АннаМаргарита
aggeeva
serkan777
perminovaea
Takhmina-Komarova1415
artem-dom
rmitin
agusarevich283
izumrud153
Елена_Кошевой
larson96
lazarevaavrora
Irinalobanowa
Ивановна_Маликова1549
CafedeMinou