balabina-Olesya
?>

1. Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз. Берілген сөз көлемі 307 сөз. Қысқартылған сөйлем көлемі 100-120 шамасында болу керек. 8. Мәтінді қысқартуда жинақы мәтінді жазудағы тілдік құралдарды қолданыңыз. Абдулхамит Мархабаев Ғарыштағы қымыз «Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі». Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты. Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы ба з, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді. Сол орбитадағы галактикалық космос станциялар көркейтіліп, олардағы киоскілер саны күн санап өсті. Космофлот зымыран қонған бойда жолаушылар салонының есігі ашылды, екі робот ақсақалды жұмсақ орындыққа жайғастыра отырғызып, әудем жердегі шаршы топтың ортасындағы стол жанына апарды. Ұзамай капитан мен қалған нөпірлер жетті. Кездесуге күн аумағындағы планеталардың барлығынан да өкілдер келгенге ұқсайды. Олардың әрқайсысының жанында бір-бірден аудармашы роботтар. «Анау тұрған Нептунның өкілі ғой оның қасында екі роботтың тұрғаны несі, Әәә, жаңа есіме түсті, ұмытып кеттіппін ау, еее бәсе басқалар қызғанып күңкіл шығармай-ақ қойсын. Нептун Жердің екі туып бір қалғаны емес, керек десе қол созым Жердегі бізбен алысып берісіп тұрған Марс та жалғыз аудармашы роботты, оның өзі де аккумуляторы отырып қала беретін кекеш робот, місе тұтады ғой, ал Нептунның тілі бізге жаңадан ғана толық аударылып бітті, оны әлі үйреніп жетіліп болмаған бір роботтың табан астында аударма жасауы қиын».

Казахский язык

Ответы

svetrusval
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

1. Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз. Берілген сөз көлемі 307 сөз. Қысқартылған сөйлем көлемі 100-120 шамасында болу керек. 8. Мәтінді қысқартуда жинақы мәтінді жазудағы тілдік құралдарды қолданыңыз. Абдулхамит Мархабаев Ғарыштағы қымыз «Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі». Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты. Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы ба з, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді. Сол орбитадағы галактикалық космос станциялар көркейтіліп, олардағы киоскілер саны күн санап өсті. Космофлот зымыран қонған бойда жолаушылар салонының есігі ашылды, екі робот ақсақалды жұмсақ орындыққа жайғастыра отырғызып, әудем жердегі шаршы топтың ортасындағы стол жанына апарды. Ұзамай капитан мен қалған нөпірлер жетті. Кездесуге күн аумағындағы планеталардың барлығынан да өкілдер келгенге ұқсайды. Олардың әрқайсысының жанында бір-бірден аудармашы роботтар. «Анау тұрған Нептунның өкілі ғой оның қасында екі роботтың тұрғаны несі, Әәә, жаңа есіме түсті, ұмытып кеттіппін ау, еее бәсе басқалар қызғанып күңкіл шығармай-ақ қойсын. Нептун Жердің екі туып бір қалғаны емес, керек десе қол созым Жердегі бізбен алысып берісіп тұрған Марс та жалғыз аудармашы роботты, оның өзі де аккумуляторы отырып қала беретін кекеш робот, місе тұтады ғой, ал Нептунның тілі бізге жаңадан ғана толық аударылып бітті, оны әлі үйреніп жетіліп болмаған бір роботтың табан астында аударма жасауы қиын».
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Aleksandrivanovna
amramzi
Морозов
denspiel
nailya-abdulova25
fokolimp
Станислав Роман994
Мелконян1137
dakimov
Викторовна
Smolkovaya
Veril8626
ksen1280
kirieskamod262
Yurevich1243