Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тындалған мәтінде өз пікіріңді білдіру үшін сұрақтарды толықтыр. 1. Темір неліктен бессайыс туралы əңгіме айтуға мәжбүр болды? 2. ... 3. ... Мəтін:– Мүмкін, онда суға жүзуді тоқтататын шығарсың! – деді таңдана. – Неге, оны тастамаймын. Мен бессайысшы клубына барып жүрмін ғой. – Сонда осының бәріне баруға уақытты қайдан табасың? Әр нәрсенің басын бір шаламын деп жүріп, ақырында бәрінен жұрдай боларсың. Оныңды қой. Оқуыңды оқы, спорттың бір түрімен айналыссаң да жетер. – Апа, бір әңгіме айтайын, тыңдаңызшы, – деді Темір қиыла өтініп. – Ал, айта ғой, – деп, апасы баласына сынай қарады. – Ерте, ерте, ертеде ме, әлде біздің осы заманымызда ма, бір жерде соғыс болып жатыпты, – деп, Темір сәл жымия сөйледі. Ол әңгіме айтқанды да жақсы көретін. – Сонда әскердің шағын бір тобы жау қоршауында қалып қойыпты. Бір офицер атысып-шабысып жүргенде астындағы аты мерт болып*, өзі өзеннен малтып өтіп, одан әрі жаяу жүгіріп, әскердің негізгі тобына хабар жеткізеді. Осыдан кейін спорттың бессайыс деген түрі пайда болыпты. – Сенің де сондай болғың келеді ғой, шамасы, солай ма? – Иә. – Жарайды, балам, «Талапты ерге нұр жауар» деген, талабыңа жет, – депті апасы.
Объяснение:
ХЗ я тоже ищу ответ