Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5 вопросов по тексту Тыңда. Мәтінді оқы.«Адам көркі – шүберек» демекші, кейбір адамдар киімге қарап бағалайды, Қалтасындағы қаражаттың көбін киімге жұмсайтын, қатарынан қалғысы келмейтінадамдар қазір өте көп, Мен көбіне спорттық киім кигенді ұнатамын. Спорттық киім жүруге, отырып-тұруға өте ыңғайлы. Осы стильдегі киімде өзіңді еркін сезінесің. Спорттықкиім денеңді қыспайды, қимылыңды шектемейді. Спорттық киімдер жоғарытехнологиялы материалдардан жасалады. Олар денеге ауа жібереді, ылғалөткізбейді. Бұл киімдер - спортпен шұғылдансаң да, жай қыдыруға кисең де, ыңғайлы. Спорттық киімдер көбіне қаның ашық түсті матадан тігіледі. Ал ашықтүстер көңіл күйімді көтеріп, күні бойы сергек жүруіме әсер етеді.Қазақстан құрамасының спорттық киімі көк түсті. Маған біздің құраманың осытүсті таңдағаны қатты ұнайды. Аспан түстес көк адамның көңілін бірден көтереді.Бірақ олардың дизайны жыл сайын өзгеріп отырады. Ол дизайнды өз талғамыңақарай таңдауға мүмкіндік береді, Аяқкиім таңдауда сән мен ыңғайлылығына ерекше көңіл бөлемін. Адам солаяқкиімде өзін сәнді әрі ыңғайлы сезінгісі келеді. Мен өзімді спорттық киімдеыңғайлы, еркін сезінемін. Спорттық аяқкиімді спорт киімімен бірге достарымменойнағанда, көкке шыққанда, отбасымен серуенге шыққанда киемін.