Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4 Тапсырма. Берілген үзіндіні оқып, мағынасын талдаңыз. Автордың "бір енеден бір, екі, үш, бес едік", "Өтемістен туған он едік" деуінің себебін ашыңыз. Дескриптор: -шығармадағы автор бейнесін талдайды-1; -идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін талдайды-1; Біз бір енеден бір едік, Бір енеден екі едік, Екеуіміз жүргенде, Бір - бірімізге ес едік. Бір енеден үш едік, Үшеуіміз жүргенде, Толып жатқан күш едік. Бір енеден бес едік, Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік. Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік.
Қыс – күзден кейін келетін, жылдың ең суық мезгілі. Күнтізбе жүйесі бойынша Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан қыс айлары болып саналады. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болып, Үркер жұлдызы көкке өрмелеп жоғары көтерілген сайын суыта түседі. Қыс мерзімін халқымыз өзінше бағалап, өз тұрғысынан сипаттап келеді. Осы тұста қыстың бейнесін тірі жанға балаған Ұлы Абайдың мына өлең шумақтары еріксіз тіл ұшына оралады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл мезгілде болатын табиғи құбылыстардың бірін қалдырмай аса көркемдікпен суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың және Ілияс Жансүгіровтің төмендегі өлең жолдары қыстың қатал мінезін көз алдымызда жандандырып тұрғандай:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар. Қызыл шұнақ қызыл бар. Суда айна тас мүсін бар, Қылаулатқан қырау бар.