yulyazhdan
?>

Адамның сырткы бейнесы Оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ышкы дуниесы де әдемі болпды. Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзінұстауы мен киым киысыт арқылы да көрінеді. Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа онегекөрсетуі керек. денег сойлемдерды сойлем мушесыне талда​

Казахский язык

Ответы

Ахади

«Адамның нағыз байлығы затта емес, ақыл-парасатта, рухани байлықта», - деп орыс жазушысы В.Сухомлинский айтқандай, сұлулық бетте емес, жүректе, жан сұлулығында. Өмірде де көріп жүргеніміздей, алғаш танысқан адамың көрікті емес болса да, араласа келе оның жақсы қасиеттерін көргенде, сұлулықтың тек қана сыртқы сұлулықпен өлшенбейтініне көз жеткізесің. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын. «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық» деген нақыл сөздер бекер айтылмаса керек. Осыған байланысты бір оқиғаны баяндап берейін: Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – деген екен. «Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші!

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Адамның сырткы бейнесы Оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ышкы дуниесы де әдемі болпды. Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзінұстауы мен киым киысыт арқылы да көрінеді. Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа онегекөрсетуі керек. денег сойлемдерды сойлем мушесыне талда​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

werda84
Irina Svetlana
leeteukism
samsakovs7757
nasrelza1012
Vladimirovich-Aleksandrovna96
Малыхин Валерьевна621
kattarina71
baron
shelep19789
titancore
vladislavk-market2
melissa-80
sadinuraliev263
Tsevich333639