kuziv31
?>

. Сіздің бұл мәселе бойынша көзқарасыңыз қандай?

Казахский язык

Ответы

tat72220525

Күн сәулесі төгілгені – әдемі,

Кемпірқосақ керілгені – әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді – әдемі.

Жас шыбықтың бүр ашқаны – әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны – әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,

Әжеміздің күлген көзі – әдемі.

Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,

Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,

Шарықтата әнге салсаң – әдемі.

Ұлан-сыр думанды-той үстінде,

Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

. Сіздің бұл мәселе бойынша көзқарасыңыз қандай?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*