Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген үзіндіні оқып, өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын көрсетіп беріңіз.Еділде тұрып оқ атса, Жайыққа оғын жоғалтқан, Жайықта тұрып толғаса, Еділге оғын жоғалтқан, Аштарханнан ақырса, Атаңа нәлет кәуірдіңАлтын туы жығылған, Өгіз тауда өкіртіп, Он екі ханды өлтірген, Дегеніне келтірген.Адыра қалғыр ит Нарын, Орақ пенен Мамайда, Ойдағы дәурен болмас деп, Ойран салып көрген жер
Бүгін ашық аспан, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Күн жарқырап, нұрын таратып тұр.
Бірден батыс жақтан көз ұшында бұлдырай көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады.