vusokaya13
?>

Қазақ тілі тжб посмотри на фото

Казахский язык

Ответы

sashakrotova943

Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, а үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. А Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазақ тілі тжб посмотри на фото
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

metegina4
viktoritut
Paikina Natalya30
ktatarinova
nataliagoncharenko
Yurevich-Vladimirovich
evlampin
Kochinev7
daarisgoy
pnat1235
iralkap
Guskov
alukyanov
igraparkGP51
masamosijcuk140244