Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Құрмалас сөйлемдерді тауып, ажыратыңыздар Биылғы жыл ел жылнамасында айрықша әріптермен жазылатын айтулы оқиғаларға толы болды десек, олардың көш басында төрткүл дүниенің назарын Қазақ еліне бұрған айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұрғаны талассыз. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді. Көрме аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер еткенін ерекше атап өтті. – Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1, 8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді, Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1, 2 есе өсті, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік бергенін айтты. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.