Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды, бірақ Іле олардыңбірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды. Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандарбелдеседі. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштейұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталғаерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт текбайлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол -өзінің кедейлігі еді.Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттіңатын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедейжігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қараталқуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, ментек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар. Ол – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғызтілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеумізді бірге жерле», - дейдіде, биік құздан етекке құлайды.Қаратал кімге ғашық болады?
қаратал бұл кедей бала мәтінде айтып тұрғандай.енді балқаш байдың қызы.жауабы әрине қаратал мен балқаш бір бірін шын сүйеді.айтарлықтай қаратал балқашқа байдың қызына ғашық болады.