?>
Мәтінді оқып, мәтін бойынша тірек-кесте құрастырыңыздар. Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар. Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады. Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар. Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.
Ответы
Бұрынғыдай ақындардың бір-бірінің намысына тиіп сөйлеудің жоқтығын қазіргі ақындардың моральдық тұрғыдан кемелденуі деп бағалайды. Әрине, қоғамның дамуы мәдениеттілікті талап етеді және қазіргі айтыс ру айтысы емес, бүгінде өз руына артықшылық беруді қай орта болса да, төмендік деп таниды. Ал, айтыста, қалайда, жеңу керек болған соң алдындағы адамның сарылығын немесе қаралығын айту, осы деңгейдегі түрлі теңеулерді құрал ету қазірде жас талап арасында жиі кездеседі. Адамның дене бітіміндегі кемшілікті тілге тиек ету бұрыннан бар, алайда, ол кезде тиісетін ақынның сөзі де, жауап берушінің де шешендікпен қайтарар сөзі дайын болған соң айтыстың ширақтығы сезіледі