Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқылым «Астана-Бәйтерек» сәулет кешені2002 жылы Астана төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұлмонумент қазақ елі тамырын жер түбіне жіберген бәйтеректей тарихытереңде жатқан ел екендігінің дәлелі.Монументтің басындағы шар самұрық құсының жұмыртқасыобразында. Бірнеше жылда біррет қана жұмыртқалайтын самұрық құсжұмыртқасын басарда қауіпсіз, тыныш орын іздейді. Міне, сол самұрыққауіпсіз, тыныш әрі бейбітшіл жер деп Астананың төрін таңдап, алып діңгектібәйтерек ағашының басына жұмыртқалапты.Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі – 97 метр, ХХ ғасырдадәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмолада шаңырақ көтерді. Бәйтеректіңсәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:Бірінші бөлік – жерасты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен, Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары.Үшінші бөлік -диаметрі 22 метр алып шар Самұрықтың алтынжұмыртқасы. Бәйтеректің ең биік тұсы–97 метрдегі «Аялы алақан»композициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің бәрі оныкөргенше асығады. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентініңалақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқижөнеледі, бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай. (146сөз)}11-тапсырма. Мәтіндегі 1 негізгі және 1 жанама ақпараттарды анықтаңыз(Найдите одну основную и одну дополнительную информациюНегізгіақпаратЖанама ақпарат(основная(дополнительнаяинформация) Hнформация)2002 жылы Астана торiнде«Астана-Бәйтерек»монументісалындыXX гасырда дәл осы жылықазақтың елордасы Ақмола дашаңырақ көтерді.21 ұпай
Ойтолғау
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.
Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.