Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі - бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбайевтің «болыс болдым мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай ("Сұлушаш"), Қоңқай ("Ақан сері – Ақтоқты") репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологтың ғылыми тұрғыдағы атауы – «интраперсоналды сөйлеу.
Шығарма
Азық-түлік дүкені.
Әлем күн санап өзгеруде.Жаңа идеялар қарастырылып,жаңалықтар ашылып,өнертабыстар жасалынып жатыр.Айналамызды компьютер,машиналар қоршап жатыр.Қазіргі таңда аурухана,мектепсіз адам өмірін елестету мүмкін емес.Соның ішінде дүкендер де адамзат үшін ең маңызды орындардың бірі.Қалада дүкендер самсап тұрады.Дүкендердің небір түрі бар.Азық-түлік дүкенінен адамдар тағамдар,жеміс-жидек және т.б заттарды ала алады.Үй жанындағы кішкентай дүкендермен қатар, супермаркет,гипермаркет секілді үлкен ауқымды дүкендер бар.
Азық-түлік дүкенінде сөрелер көздің жауын алатын заттармен толы болады.Ақшамен қалаған затыңды аласың.Шағын дүкендерден үйге нан,су секілді ұсақ-түйекті аласың.Ал супермаркетке үлкен тізіммен барасың.Себебі,онда әлдеқайда арзан әрі таңдау көп,тіпті кез-келген затты таба аласың.Басқа нәрсені іздеп жүргеніңде,мүлдем өзге затты қалай алғаныңды байқамай қаласың.Ыстық күндері дүкенге кіріп,тоңазытқыштан алынған мұздай суды алғанға не жетсін.Ал қыстың күндері кешкі асқа керекті заттарды,кешкісін отбасыңмен ыстық ас ішесің.Не дегенмен де, азық-түлік дүкендері адамзатқа маңызды әрі қажет дүние.