Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
І. Оқылым. Мәтінді түсініп оқы. Теңіз жағасында екі адам жүр. Бірі – Курнос, бірі – Андрей. Кенет ышқынып, жел гулеп кетті. Қамыстар құлап, топырақ борап, дүние алай - дүлей борап кетті. Андрей бұл сұмдықты көрді: қатты соққан қара дауыл мұзды қақ жарып, ашып жіберді. Сіресіп жатқан мұз алға қарай жылжыды. Теңіз үсті түтігіп кетті. Андрей Курносты жаға қайыққа қарай сүйрей жөнелді. Иван: - Есің дұрыс па? – деп айқайлады. - Әне, балықшылар ығып барады. - Подумаешь! Ықса, барсын! Андрей не істерін білмей, сергелеңге түсті. Жанына Жалмұрат жүгіріп келді. Екеуі қайықты суға түсіріп мінді. Жел қайықты ұшырып ала жөнелді. Олар жағадан ұзап кетті. Теңіз үстінің дауылы өте қатты, үйдей толқындар. Жалмұраттың зәресі ұшты. Басы айналды. «Құдай-ай сақтай көр!» - деп жалбарынды. Андрей қайықты есті. Мұзда ыққан қайықшыларға жете алмай, өздері адасты. Қараңғы түнде қайықты үлкен сең соқты. Қайық быт-шыт болды. Екеуі мұздың үстінде қалды. Ал балықшылар теңізге шыққан соң, жұқа мұз быт-шыт болып жарылды. Олар жан-жаққа ығып кетті. Балықшылардың біреуі суға құлап, үшеуі үсіп өлді. Біреуі шалажансар. Еламан, Кәлен, Мөңке, Дос, Рай ғана қалды. Таң атты. Дауыл басылды. Бұлар ыққан үлкен мұз шыңға тірелді. Балықшылар: «Қаратүпті қара! Біз Қаратүптен шығыппыз», - деп шулады. Сақал- мұрты – қырау, беттерін үсік шалған. Осы жерде балықшылар Жалмұрат пен Андрейдің денесін көрді. Өздерін іздеп шыққандарын түсінді. Андрейдің тырнақтары жұлынған. Мұз үсті – қан. Өмір үшін жанталасқан. Жерді тырнағымен тырнаған. Андрей ақкөңіл еді. Промсолда балықшыларға жаны ашитын жалғыз адам еді. 1.Мәтіндегі балықшылар өмірі қай жерде болған? А) Каспий теңізінің жағасында В) Балқаш теңізі жағасында С) Алакөл көлінің жағасында Д) Арал теңізі жағасында
-тапсырма.Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, топтап жазыңыз.Галактика-бәріне ортақ жалғыз центрден айналатын,сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкенжүйесін. Аспандағы жай көзбен көрінетін 6000 жұлдыз біздің галактика деп аталатын бір ғана бөлікке енеді. Кейде біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар.Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақта кіреді.Бұл жолақты «Сүт жолы», ал қазақтар «Құс жолы» деп атайды.Күн жерден орташа алғанда 150 млн.км қашықтықта орналасқан.Күннің салмағы бүкіл Күн жүйесі денелерініңсалмағының 99,86 пайызын құрайды. ЖарықЖер бетіне секундына 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.Әлемнің кеңдігі сондай біздің галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілесгалактикалар саны-екеу. Бірінші-үлкен Магеллан бұлты, екінші-кіші Магеллан бұлты. 1.Есептік сан есім:2.Реттік сан есім:3.Жинақтық сан есім:4.Болжалдық сан есім:5.Бөлшектік сан есім: 2-тапсырма.Жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Алған әсеріңіздісипаттап жазыңыз.(70-80 сөз)---
Объяснение: