?>
О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сенде жетер ме екенсің?Жетімдіктің беліненАсып өтер ме екенсің?Жарық сәуле көре алмай, Ел шаңына ере алмай, Сол бойы кетер ме екенсің?Жапанға біткен жапырақЖамылсан тонар ма екенсің?Жазғы шыққан бүлдіргенСұғыңсаң тояр ма екенсің?Күрек тісін қасқайтыпСұлу сүйер ме екенсің?Бадана көз, тоғыз торСауыт киер ме екенсің?Білтеліні тұтатып, Түтінін үзбей оқ атып, Жау қашырар ма екенсің?Тұлпар атты жаратып, Құйрық - жалын таратып, Бежін ерді ерлетіп, Жорыққа жортып, терлетіпСырты қырлы, жүзі алмас, Салған дағы жоғалмасСапы асынар ма екенсің?Босағасын борлатқан, Таңдайға дәмі татымасКерегесін торлатқан, Тегерішін манаттан, Жібектен ызып бау таққанҮйге кірер ме екенсің?Тең құрбыңмен теңеліп, Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніңе бал құйып, Өмір де сүрер ме екенсің?Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі жетерсің.1. Автордың өлеңді жеткізуде қолданған тәсілі [1]A) Психологиялық параллелизмB) Екі нәрсені шендестіруC) Екі нәрсені салыстыруD) Өлең басындағы қайталауларE) Риторикалық сұрау2. Өлең жолдарындағы эпитетті тіркестер [1]A) Құйрық-жалB) Шаң бермесC) Керсеңге құйыпD) Жарық сәулеE) Шаруа жиып2- тапсырма [3 ]Өлеңдегі: «Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің?» деген ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп 2-3 сөйлеммен жазыңыз3- тапсырма [4] Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесіндегі басты кейіпкер Сейтқұлдың портреті мен іс-әрекеттерін сәйкестендіріңіз Портретін ашатын ерекше қасиеттері Іс-әрекеті Ел қамқоры Жер тегістеп, егін егіп, шығыр тартады Ел ағасы 5-6 жылда Сейтқұлдың елі 400- ге жетті Асқан еңбекқор Шымнан қорған салдырып, қарауылды көбейттіЕл қауіпсіздігін сақтаушы Отыз үйлі тобырына жайлы мекен іздейді4- тапсырма «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесіндегі тіленші Антонның қайыр сұрауын тоқтатуға негіз болған оқиғаға өз көзқарасыңызды 2- 3 сөйлеммен жеткізіңіз [3] 5- тапсырма [8]Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Жомарт өзінің басты құндылығы: қайырымдылығымен, асқан жомарттығымен ел ішіне аңыз болып тараған. Сіздің ойыңызша, «Қазіргі кездің Атымтайлары» деп қандай адамдарды айтуға болады? Ойыңызды жүйелеп, нақты дәлелдемелер келтіріп, әдеби эссе жазыңыз. Көлемі 80-100 сөз
Ответы
1)Е риторикалық сұрақ
2)Д жарық сауле