Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ақпаратты оқы. Үзінді мазмұнына өлеңдегі автор айтқан қандай мәселе сәйкес келетінін анықта. «Ата-бабамыздың жаратылыс жайындағы өмір заңының бұлжымас беттері, пайымдаулары мен болжамдарытаңқалдырады. Әсіресе, астрономия ғылымы ашылмай тұрып аспан денелері туралы айтқан әңгімелері көкейгебірден қонады. «Үркер, негізінде, жеті жұлдыз екен. Бұлардың жылтылдап көрініп тұратыны – алтау.Жетіқарақшы келіп шапқанда, бұлар үркіп, содан Үркер атаныпты. Оның арасындағы бәрінен жарығырағы қызболған соң, Үркер қызын қорғаймын деп, оны көрсетпей, бір жерге жиналып, топталып тұрады. Әйтпесе, Жетіқарақшы ұрлап әкетеді».Жеті қат жерің мына төңкерілген, Жеті қат аспанменен көмкерілген.Қиялдап, менің дана, байғұс бабам, Алайда атқа мініп, Айға ұшпаған.Ойлап-ойлап, отырып кiлемiне, Аспанға ұшудан да ұялмаған.Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат, Галилей, Коперниктен ерте білген,
Томирис (Тұмар ханша) туралы диалог.
Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?
Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.
Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?
Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.
Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?
Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.
Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?
Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.
Аспандияр: Жарайсың! Сабақтыжақсы меңгерген екенсің.