Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Қай қазақтан кем едім? Бір қазақпен тең едім. Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып, Сұлтанын суға сұлатып, Ханшасын қақпа алдында жылатып, Ернін еттей тесісіп, Кеңірдегін кесісіп, Жыраға басын түсіріп, Жылғадан қанын ағызып, Басын кессем деп едім! Еділдің бойы ен тоғай - Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның Екіталай болғанда Азыққа етін жеп едім. Хан баласы ақсүйек - Ежелден табан аңдысқан Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас!Составьте 3-5 вопросов по стихотворению.
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты дауысымен: « Уа, Тәңірім! Мен жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен.
Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.