magazintrofey
?>

Ақ қоянның қасиеті мен пайдасы пажлуйста​

Казахский язык

Ответы

Chuhnin195107364

Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан – маусым айларында 2 – 3 рет көбейеді, 3 – 10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.[2]

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ақ қоянның қасиеті мен пайдасы пажлуйста​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*