Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Төмендегі екі мәтінді оқып, кесте бойынша салыстырып талда. Мәтіндерді салыстыру1 -мәтін2- мәтінТақырыбы (әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен бер)Мазмұны (әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткіз)Тілдік құрал (ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)1-мәтін Ұлтының қамын ой¬лаған әрбір азамат¬тың елі үшін жасаған өзіндік бір үлесі болады. Олар¬дың ішінде әйелдердің де қосар үлесі мол. Соның бір айғағына айналған «Aіqul Lіne» компаниясы ежелгі қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құнды¬лықтарымызды қайта көркейтіп келеді. Біз компания басшысы Айгүл Жексен¬бай¬қызына жолығып, сұхбаттасқан едік.– Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді?– Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі – атам ауыл-аймақта беделді адам болған деседі. Аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып, әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда. – Бала күнгі арманыңыз қандай керемет еді… Әр бастау жолдың өзіндік ауыртпалығы болады емес пе? Бизнес жолыңызда қандай қиындықтардан өттіңіз? «Aіqul Lіne» тарихына тоқталсаңыз. – Әрине. Қиындықсыз ешбір адам бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігінің қадірін түсінбейді. Бірде табысты бол¬саң, бірде күрмеліп қаласың, келесі бір мәселе шешілмей жатады. Әйел заты болғандықтан, осы кәсіпке табанды¬лықпен кірісуіме себепкер болған анам еді. Қыз баласы үшін ананың ақылы, дұрыс жол нұсқап, қолдауы ауадай қажет. 2-мәтінХобби (әңгімеден үзінді) Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруа¬шылық-тың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ.Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, «бас иеміз ғой» деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, хал-жағдайын сұрады.– Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей:– А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыс¬тың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші:– Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды.– Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілші күліп жіберді.– Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – «Хобби» деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.
биринши матинде кол онери туралы ал екинши матинде оз исиниң шебери турплы аңгимелейди