Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5-тапсырма. Жақшадағы сездерді аударыныз. 1 Карапайым, (красивый ), орынды және (согласно времени) киіне білу- адам (культуры) бір турі 2.Баскарма (стужашего) сыртқы келбетінің (простоту) және жақсы киім (вкус) оның жалпы әрі (профессиональный) мадениетінін басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. 3.Атап айтқанда , айналасынағылардын оған деген Кәрім-қатынасын тудырады. 4.Тек қана німіні басшынын (внешний) келбеті мен одеваться) ғана емес, барлык сыртқы келбетінін (шаш қоюы . жүріс-тұрысы) (аккуратность) оның ерекше сипаты болуы керек!
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.