reception
?>

«Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан.Алматы қаласының маңындағы Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағының сынығы және т.б бұйымдар табылған. «Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұлпарларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды, киім-кешек және т.б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған. 3-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толықтырыңыз № Сұрақ Жауап 1 Тірек сөздер 2 Мәтіннің тақырыбы 3 Негізгі ойы 4 Қысқаша мазмұны

Казахский язык

Ответы

wwladik2606222
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957) Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5 – 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 – 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/7298-mukhtar_auezov.html
© www.ZHARAR.com

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

«Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан.Алматы қаласының маңындағы Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағының сынығы және т.б бұйымдар табылған. «Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұлпарларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды, киім-кешек және т.б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған. 3-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толықтырыңыз № Сұрақ Жауап 1 Тірек сөздер 2 Мәтіннің тақырыбы 3 Негізгі ойы 4 Қысқаша мазмұны
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*