Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.Жамалдың бақытсыздығына, ажалына кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Жағдайды өзгерту үшін сендер қандай шешім ұсынар едіңдер? 2. Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуы тиіс. Неліктен Жамал мен Ғали бақытты бола алмады? Пікірлеріңді білдіріңдер.3. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт-дәстүрлерге өз көзқарастарыңды білдіріңдер.4. Романның «Бақытсыз Жамал» деп аталу себебі туралы ойларыңмен бөлісіңдер.
Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында ХЫВ ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналдыТүркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол ХЫЫ ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.