Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (25-аудио Не туралы айтылған? Егінді өзі орып, өзі басып, өзі ұшырып тазартып, дәнді төгіп бетін мәшине комбайн ғой. Мұнда тау комбайны бар екен. Ол мірді тілгілеп-жіктеп алады, өзі құлатады және өзі жинап, бірден конвейерге тиеп беріп отырады. Таукомбайнының болат сары тістері көмірді тілгілегенде босаған көмір өзі құлап түседі, ол көмірді жерге түсірместен қағып әкетіп тұратын үлкен қалағы бар, Осындай тамаша мәшиненің тілін жақсы білі жүргізетін кенші жұмысшыларды көріп, Ақылбай үйренсем деп қызықты.Көмір пластарының қалай бет алғанын, қалай қазу керек еке мәнін көрсетіп, өлшеп инженер, геологтер де жүр, Ақылбай мен 97
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.