potapin
?>

Мәтіннен есімдіктерді тауып жаз​

Казахский язык

Ответы

andrew-lev2501
Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы” деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхамет пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.
Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижа – қажылыққа баратын ай).
Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. «Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы («Мұхтасар” ). Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын” дейді. Ауру, ақсақ , соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Әруақтарға бағышталып дұға оқылады, бата беріледі.
Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды «Айттық” сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. «Айт күні айтқан тілеулері дұрыс екен бишаралардың….” ( Б. Майлин).
Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
Ораза айт пен құрбан айт. Орта Азия халықтары сияқты, Қазақ арасына да ислам діні тараған. Содан кейін ел ішіне аса маңызды діни мейрамдар мен дәстүрлер де Қоса еніп, жатырқаусыз Қабылданған. Заманнан заман өте келе оның сарыны санаға сіңіп, Ұлттық сипатқа айналған. Сондай халықтық мейрамның бірі — Ораза айт. Бұл ислам дінінің ережесі бойынша арнайы белгіленген айда жыл сайын отыз күн ораза Ұстап, ауыз бекіту парызы өтеліп біткеннен кейін ауыз ашып, тамақты еркін ішіп-жеуге жол берілетін алланың рақымы. Ауыз ашудың рәсімі басталған соң, Ұдайы Үш күн мереке салтанаты жасалады. Мұсылмандар барлық жұмысты, шаруаны тоқтатып, сол күндері емін-еркін ойнап-күлуге ерікті. өз ниетінің Қуанышты мерейіне бөленуге тиіс.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтіннен есімдіктерді тауып жаз​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

lidiya08083268
Александрович784
Васильевий
yurievaalxndra55
nadnuriewa8110
Vladimirovna1370
СмыковаДарья1969
Максим Павел
klodialeit36
ekaterinkat
Mydariamiro
alena
YelenaZOLTANOVICh105
yanermarina87
nikv568734