Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі қосымша ақпараттыанықтаңыз.Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.1-мәтінҚиял туралы жалпы ұғымЕртегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, баймен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынаншыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. БірақКүлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патшасарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушыныңайтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейінқұбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадағаайналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыныертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқайалдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
Абай - даналықтың бастауы.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Абай - біртуар дара тұлға.
2. Абайдың шығармашылығы.
Қорытынды.
Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.