Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіндерден күрделі сөздерді тауып , кестені толтырыңыздар , мағынасын ашыңыздар . Күрделі сөздер — мемлекеттік бағдарлама Зат атауын білдіреді — Іс - қимылды білдіреді — Жазылу емлесі — белек жазылады. Мәтін:Еліміздің кез келген экспорттық өнімдеріне қолдау көрсетіледі . Осы бағытта Үкімет 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдады . Осы құжат негізінде экспорттық тауар өндірушілерге жалпы ішкі өнімнің 1 пайызы бөлінеді . Бұған дейінгі көрсеткіш 0, 23 пайыз болатын . Екінші , « Қазақэкспорт » арнайы компаниясы құрылды . Енді барлық тауар тек осы компания аркылы сыртқа шығады . Үшінші , қаржыландыру тетіктері көбейді . Бұрын тек алты бағыт болса , енді 10 түрлі қаржыландыру жобасы іске асады . Жалпы елімізде 5 мың тауар позициясы тіркелген . Соның 700 - і экспортқа шығып келді . Ал жаңа бағдарлама бойынша шикізаттық емес бағыттағы 16 тауарға басымдық беріледі.
Тарих беттеріне үңілер болсақ, біртуар тұлға, қайсар қолбасшы, халық көтерілісінің саяси көсемі болған Исатай Тайманұлының жан жолдасы болған Махамбет бастан – аяқ оның қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы болғанын көреміз.
Атамыз қазақ қашанда достықты жоғары бағалаған. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Міне, Исатай мен Махамбет достығы нағыз адал достық мысалы бола алады деп есептеймін. Бұл достық бұрын - соңды болмаған достық деп есептеуге болады, себебі екеуі де - ел үшін бастырын өлімге тігіп, жауға бірге аттанған сарбаздар. Әсіресе Махамбеттің жырлаған өлеңдерінде Исатайдың бейнесі ерекше көркем беріледі. Махамбет жан қиысқан қанды көйлек досы Исатай Тайманұлының батырлық, азаматтық тұлғасын, өлеңдік портретін ғажап жасап шыққан. Өлеңдерінің бірінде:
«Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Кер миығым, кербезім
Керіскедей шандозым!..», – деп Исатай бейнесін ерекше көркем етіп сипаттай білген.
Объяснение: