Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырмалар: 1. Мәтінді оқып шығыңыздар. Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз, қосымша ақпартпен толықтырыңыз. "Бір терезе". 2. Мәтін бойынша сұрақ дайындыңыз.3. Сұрақты пайдаланып, "Бір терезе" қағидасы бойынша диалог құрастырыңыз.4. Сөздерді жатыс септігіне қойып, жазыңыз.5. Берілген жатыс септігіндегі сөз тіркестерін тауып, сөйлем құрастырыңыз.Бiр терезе«Бір терезе» қағидаты дегеніміз – мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуы және уақытын аз жұмсауы. Сондай-ақ, бұл принцип қызмет көрсетушілермен тікелей байланысты жойып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Бұған қоса, аталған жүйе бір орталықтан бірнеше қызмет түрін алуға, халыққа жайлы қызмет ұсынуға бағытталған.2005 жылдың 24 мамырында ҚР Үкіметінің №501 қаулысы бойынша «Астана және Алматы қалаларында «бір терезе» принципі бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге» байланысты тәртіптер жинағы жасақталған болатын. Осыған сәйкес, аталған жүйе халыққа қызмет көрсету орталықтарында жер ресурстарын басқару, заңды органдармен байланыс, ақпараттандыру және байланыс, сондай-ақ салық секілді салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіп, функцияландырды.Қазақстанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп, «бір терезе» қағидатына сай қабылдауға қам жасалуда. Халыққа сапалы қызмет көрсетудегі ұтымды технологиялардың бірі – «бір терезе» қағидаты. Оның басты артықшылығы – тұрғындардың уақытын үнемдеуі, қызмет көрсетуді жеңілдетуі және әкімшілік кедергілерді жоюында болып отыр.
БАБЫЛ СЫНА ЖАЗУЫ, Вавилон сына жазуы — шығыстық көне жазу үлгісі. Алғашқы негізі біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта шумерлер арасында пайда болған. Бабыл сына жазуының археологиялық қазбалардан көп табылған түрі — балшықтан жасалған тақтайшалардағы жазулар. Олардағы Бабыл сына жазуының таңбалары сыналап басылған, яғни сәл көлбеу түсірілген, қыры тікбұрышты жұқа таяқшалардан тұрады. Бастапқы Бабыл сына жазуларында идеографиялық жазу қолданылған. Онда нақтылы түсініктер, бұйым, зат атаулары бейне түрінде берілген. Мыс., аяқтың суреті “тұру”, “жүру”, ал соқа бейнесі “егінші”, “жер жырту” деген ұғымдарды білдіреді. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың ортасына қарай Бабыл сына жазуында буын жазуы үлгісі қалыптасып, қолданылған бейнелер саны 600-ге дейін азайған. Барынша қарапайым суреттер қолданылып, Бабыл сына жазуын оқу жеңілдей түсті. Тік бағаналар түріндегі оңнан солға қарай жазу дәстүрі енді солдан оңға қарай көлденең, тұтас жолдармен жазылған. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың 2-жартысында бабылдықтар мен ассириялықтар 300-дей белгі қолданған. Кейін Бабыл сына жазуы жетілдіріліп, дыбыстық жазуға ауысты. Мазмұнына қарай Бабыл сына жазуымен жазылған жазбалар іс қағаздары, тарихи оқиғалардың қысқаша баяны, эпостық жыр жолдары, сөздіктер, т.б. болып бөлінеді.
Если понравилось поставте лайе и подпишитесь на меня будьте добры