Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Төменде берілген сөздердің ішінен сөз формаларын табу. Кел, келші, келіңізші, келтірінді, келтіріс, келісім, келгіште, келмес, келте, келгіш, келімсек; сөз, сөзуар, сөздік, сөздер, сөздің, сөзбен, сөйлем, сөзмерген, сөзшең, балаға, балапан, баламен, балалар, балгер, қалам, қаламгер, қаламмен, қаламдар. 2. Сөйлемдегі сөздерді морфологиялық құрылымына қарай талдау. Жолаушылардың маңдай алдында Құнанбайдың өзі. Астында семіз жорға аты бар. Арт жағы тегенедей жұмыр келген, ақ жал, сары жорға ат көп жорғадай күдіс емес. Қабырғалы, жараң және зор болатын. Құнанбайдың қалың жылқысының ішінде әрдайым ұзақ жолға, әсіресе қысқы жолға мінетін аты осы еді. 3.Мәтіндегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғанын дәлелдеңіз. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғабдат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, боымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойыды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады» депті (Абай)
Объяснение:
Тәуелсіздік - бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік - таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз.