Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «қара жорға» биі әйгілі гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай ң басын қосып, «қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз. себебі бүгінгі қазақтың кешегі өткен тарихына мұражайлық экспонат ретінде қарайтын сияқты. осылайша, бізде ұлттық мұраларымызды экзотика ретінде ғана қабылдау қалыптаса бастады. десек те, мұндай қасаң қағидаларды өзгертіп, ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарас қалыптастыруға әбден болады екен. мұны 10 миллионға жетер-жетпес қазаққа «қара жорғаны» серпіле билеген әлгі 10 мың биші дәлелдеп бергендей. еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан кәдімгідей ажырап қалдық. қылышынан қан тамған кеңес өкіметі де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-ақ бақты. әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған алаш жұрты тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады. о баста «оралман» деген атқа ие болған қандастарымызбен бірге бірте-бірте ұлтымыздың сан жылдар бойы жоғалып кеткен құндылықтары, салт-дәстүрлеріміздің кейбір нұсқалары мен өнері ортамызға қайта оралып, сәнін беріп әрі мәнін ұқтыра бастады.бөркімізді аспанға атқызған «қара жорға» да атамекеніне оралған қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. енді, міне, сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. әдетте әр халық өзінің бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады.
ak74-81
22.11.2021
Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, "әке- асқар тау, ана- етегіндегі бұлақ, -жасындағы құрақ" -деп тегін айтылмаған болар. ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген , менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. осының бәрі "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің "деген мақалға сай келіп тұр. яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі . "үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. мен өз отбасымды мақтан тұтамын.