Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол – Қызыл кітап... Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс? Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын. Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. «Қызыл кітап» өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. «Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім десек те болады. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған. . Жұптық жұмыс. Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Адамзат неліктен табиғаттың тілсіздігі үшін қынжылады? 2. Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық...Неліктен қызыл түс? 3. 1948 жылы кеудесінде жаны бар жануарлар өмірінде қандай өзгеріс болды? 4. Жануарлардың төлқұжаты іспетті қызыл кітаптың табиғатқа оң және теріс әсері болуы мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз? 5. 1963 жылы табиғат тақиясын аспанға лақтырған күн деп атасақ бола ма?
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
Денсаулық — зор байлық.
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
Аяншақ көзге шөп түскіш.
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
Жасырғанның жарасы асқынады.
Өлгенге өкпе жүрмейді.
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.
Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.
Бірге тумақ бар,
Бірге өлмекжоқ.
Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.
Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.
Өлінің тілін тірі алмас.
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.
Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі...
Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.
Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.
Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.
Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.
Ажалды жылан, жол үстінде жатады.
Тостағандай басымда
Тоғыз жара.
Жұдырықтай жүректе
Жеті жара.