?>
Елдестің ойыны Елдестің ойында ойыннан басқа ештеңе жоқ . Әке утешеге қолғабысы болмайды . Ал ойын дегенде жүгіріп кетеді . Мұның ойыны шатақ ойын емес – асық ойыны . Аспанға іліп қойған асықты атып алады . Мергендігінде шпек жоқ . Ертемен үйден шыққанда бір асық , бір сақамен кетеді де , кешке екі қалтасы толып қайтады . Балалар « мүның сақасы — арқардың асығы , арқардың асығы арқардың өзіндей жүйрік болады » деген секілді өсек айтады . Илануға болады , өйткені біз көріп жүрген асықтан сүйегі таза әрі салмақты . Қаздай тізіліп тұрған асыққа дәлдеп тұрып жіберіп қалғанда , снаряд түскендей , асықтар аспанға бір - ақ ұшады , жинай бер . Ұтылған адамның ашулы болаты ны белгілі Балалар : « Арқардың асығы , ойнатпай мыз . Қой асығымен ойнасын » , - деп дау шығарады . Ертеректе Асық ойнаған азар , доп ойнаған тозар » деген мақал болған . Сол доп ешкімді тоздырмай - ақ , қызығып ойнайтын футбол ойынына ұласты .
Ответы
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/