ҚазАқпарат - Мақалым Қойшыбаев 1926-1986 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол - композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Доцент В.В. Великановтың композиция класы бойынша Алматы консерваториясын бітірген.Қойшыбаев өзінің шығармашылық қызметін 13 жасында орындаушы болып бастаған, Радиокомитет жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде ойнаған.Қойшыбаев симфониялық оркестр мен қазақтың халық аспаптар оркестріне арналған Мәншүк, Жастар, Құрманғазы, Естеліктер поэмаларын жазды. Ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, ән романстардың, Жастар, Аққу, Қызылқұм күйлерінің авторы.