Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Адамда бір ғана мамандық болуы тиіс, ол нағыз мәнді адам деген атқа ие болу. Ең негізгісі – қандай маман болса да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуы қажет.Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, өмірде алатын орның зор және маңызды болады. Болашақ жастар үшін мамандық таңдау – ойланарлық мәселелердің бірі болуы керек. Қазіргі кезде заманға сай көптеген мамандықтар пайда болды. Солардың біразына тоқтала кетсек: Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Кез келген адам мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады. Байер – сіздің орныңызға киім алып жүретін маман. Олар киім өлшеміңізді алып, сән мен стильге сай киім таңдап, алып береді. Бариста – кофе дайындайтын арнайы маман. Сусиста – суши дайындайтын адам. Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасайтын маман. Стрингер – белгілі бір БАҚ-тың штаттан тыс видео, фотооператоры.Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды түсіріп, редакцияға жібереді. Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер. Хедхантер – бір компанияның жақсы мамандарын басқа компанияға «аулап беретін» мамандар. Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады. Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін мәтінді жазып, дайындап беретін маман ВЫБИРИТЕ ГЛАГОЛЫ ИЗ ТЕКСТА И ОТНЕСИТЕ ИХ ИХ Осы шақ ИЛИ К Өткен шақ ИЛИ К Келер шақ УМОЛЯЮ
Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген.
«Отыз бір – он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», -
Дейді де, еңірейді, егіледі
Қайғының күндіз-түні күйін тартып. –
Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр.
Жөнелді абақтығы соры қайнап.
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ
Білмеді не боларын сырттағы ел
Қамалғандарды тірідей тартты азап.
Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек.
Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі:
... Аттандық ұлығының қонысына
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.
Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ.