Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Төменде берілген тапсырмаларды орында. КүрішКүрішті ылғалы мол жерге егеді. Көгі жиырма сантиметр болған кезде, егіске су жібереді.Күріш суда қалай өседі, өйткені оның тамыры үшін ауа қажет қой дегенсұрақ туады. Мұны байқап көрсек, күріш өсімдігінің тамырында ауа кіретінарнайы саңылаулар болады екен.Кейде арнайы жерлерге көшет өсіреді. Оны егістікке көшіріпотырғызады. Бір ғана алқаптан екі немесе үш өнім алуға болады.Күріш дәні жабысқан қатты қауызбен қапталған. Оны осы қауыздантазартып ақтау қажет. Сонда тамаша ақ күріш алынады. (75 сөз)1. Бірінші абзацтағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.2. Сан есім мен сын есімдерді теріп жазыңдар.3. Етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Қазақстанымыздың көрікті жерлері өте көп. Атап айта кетсек:Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы,өте әдемі қала.
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп.
Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Каспий және Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша 3-орында. Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады.
Еліміздің көрікті жерлері бұнымен тоқтап қалған жоқ,тағы да басқа әдемі жерлер жетерлік.