mary---jane49
?>

Егерде мен Б соқбақпаев болсам эссе

Казахский язык

Ответы

Ruslanovich1217

Балалалар әдебиетінің классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың өлімі туралы алып-қашпа әңгіме көп. Ол 1991 жылдың 24 шілдесінде Алматы қаласының сыртындағы саяжайында көз жұмған. Сол кездері бірге тұрып жатқан екінші жұбайы Бибігүл Қонысбаева жазушының жүрек ауруынан кеткенін айтады. Журналистердің қайталай қойған сұрағына соңғы 20 жылда осы жауаптан бір танған емес.

Өмірінің соңғы жылдарында жазушылардың ешқайсымен араласпаған Бердібек дүниеден өтетін күні де саяжайында жалғыз болған. Қазақ кейде мұндай қайғы үстінде шындықты біліп тұрса да, сыртқа шығармай, үнсіз қалып жатады. Бердібек те үнсіз жерленген. Алайда, арада жылдар өткенде ақын Қадыр Мырза-Әлидің «Жазмышы» жарық көріп, жазушылар арасында біраз дүмпу тудырды. Ақын кітабында Бердібектің өлімі туралы: «Бердібек Соқпақбаев сергек те шымыр, сүйегі асыл, мықты қазақ болған. Үлкен-үлкен аурулар түгіл, ұсақ-түйек аурудың өзімен ауырып, тіптен тұмауратып көрмеген, аяқ-қолы балғадай азамат еді. Ал жазушы ретінде шындықтан, реализмнен басқаны мойындамайтын, бояма шығармаларды иттің етінен жек көретін бірбеткей батыр қазақ-ты. Бір күні сол ағамыз ойда-жоқта қайтыс болды. Жұрттың сөзіне де, өз құлағыма да сене алмадым. Сенуім де мүмкін емес еді. Бірақ, сен, сенбе! Өлген адамды тірілте алмайсың. Арулап о дүниеге аттандырдық. Қимас қаламгерді қара жер құшағына тапсырдық. Өз қолымызбен жерледік. Әйтсе де, көңілде күдік қалды. Адам бірдеңені сезеді. Сезеді! Күдіктенсем, күдіктенгендей-ақ екенмін. Кейін Бердібек Соқпақбаев қазасына куә болған бір әріптесімнен төрт-бес адам болып барып, Кеңсайдағы саяжайынан төбеде асулы тұрған марқұмды өз қолдарымен түсіріп алғанын естідім. Қазақ ба зі оның қалай өлгені туралы шындықты бүгіп қалды. Біздің өзіміз түк білмедік. Қалың қазақ оқырманы әлі күнге шейін оның қалай қаза болғанынан бейхабар», – деп жазды. Осылай жазушы қазасының қалай болғанынан қазақ қоғамы хабардар болды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Егерде мен Б соқбақпаев болсам эссе
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

abuley
steff77
olgakovalsky6
Ямпольский
zybin41iz81
gilmore886173
clubgarag701
red-sun2
rublevaoe392
Vasilevich Fokin
Станиславовна196
Katkova
roma8
Потапова 79275136869323
ivanda