Татьяна902
?>

Мəліметті мұқият тыңда.Кестені толықтыр.Жазуға стикерді пайдалан.

Казахский язык

Ответы

fitzhu
Жоспары:
1. Алтын адам - сақ тайпаларына тиесілі жәдігер.
2. Алтын адамның безендірілуі туралы.
3. Алтын адам - тарихымыздың көзі, еліміздің баға жетпес қазынасы.
     "Алтын адам" - Алматы облысының маңындағы Есік қорғанынан табылған құнды дүние. Ғалымдардың пайымдауынша, "Алтын адам" - сақ тайпаларына тиесілі. Бұл Алтын адамның жасы -17 -18 шамасында. "Алтын адам" - Қазақстан Республикасының құнды жәдігері, қазына, баға жетпес асыл. Әрі ата - бабаларымыздың көзі ретінде қалған аманат деп білемін. Ежелгі тарихымызды танып-білуге бір қадам жақындағандай боламыз. Алтын адамның киіміндегі әшекейлер жайлы айтып өтетін болсам, алтын адам - 4000 - ға жуық әшекейлермен безерленген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін  хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам»  – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпарорналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін атқарған.
Қазақстанда "Алтын адам" - біреу ғана емес. Алғашқы "Алтын адамды" 1969-1970 жылдары экспедиция барысында Кемал Ақышев тапқан болатын. Екінші "Алтын адам" 1999 жылы Аралтөбе маңынан табылды. Жақында үшінші алтын адам - Қарқаралы маңынан табылған болатын. Бұл 3 ескерткіш - тарихымыздың, еңселі еліміздің құнды жәдігерлері. Әрі мақтанышымыз деп айтуға да болады!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мəліметті мұқият тыңда.Кестені толықтыр.Жазуға стикерді пайдалан.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ev89036973460
subbotinlan
Viktoriya405
Юрьевич293
alex-kuzora4411
Борисовна
mishanay301csfp
Liliya_Ivanova
kep92
savva-vika
Pautova1119
maryariazantseva
natkul22
Anatolevna
ZharikovZalina